Шорт-тректен аралас эстафета Олимпиада ойындарының бағдарламасына енді

850

Шорт-тректен аралас эстафета Олимпиада ойындарының бағдарламасына енді

Шорт-тректен аралас эстафета Олимпиада ойындарының бағдарламасына енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

ҚР ҰОК мәлім еткендей, ХОК 2022 жылы Бейжіңде өтетін Олимпиада ойындарының қатарына шорт-тректен жаңа қашықтықтың енетінін хабарлаған.

Бұл күндері шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасы Ресей астанасы Мәскеуде жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. 6 тамызда құраманың Италиядағы жиындары басталады. 

Мәдіғали Қарсыбековтің айтуынша, шорт-трекшілер үшін биылғы маусым 2 қараша күні Канаданың Калгари қаласында басталады. Мұнда Әлем Кубогінің алғашқы кезеңі өтеді. Содан соң, ұлттық құрама Әлем Кубогінің екінші кезеңіне қатысу үшін АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласына аттанбақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу