Шорт-тректен екі спортшы ширек финалға шықты

577

Жапонияда шорт-тректен әлем кубогінің кезекті кезеңі басталды. Olympic.kz қазақстандық спортшылар нәтижесін ұсынады.  

Шорт-тректен екі спортшы ширек финалға шықты

Нагоеде (Жапония) шорт-тректен әлем кубогінің екінші кезеңі өтіп жатыр. Қазақстан құрамасының спортшылары Денис Никиша мен Абзал Әжіғалиев ширек финалға жолдама алды. Олар ерлер арасында 500 м қашықтық бойынша іріктеу сынынан іркілмеді. 

Денис Никиша жетінші болса, Абзал Әжіғалиев өз кезегінде екінші болды.

Жоспар бойынша ширек финал 30 қазан күні өтеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу