Шорт-тректен ерлер командасы ширек финалға өтті

704

Шорт-тректен Қазақтанның ерлер командасы 500 метрге жарысудан Олимпиаданың іріктеу айналымына қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz.   

Шорт-тректен ерлер командасы ширек финалға өтті

Бұл бәсекеде Қазақстан намысын Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов және Абзал Әжіғалиев қорғаған болатын. Іріктеу қорытындысы бойынша үш спортшы да ширек финалға жолдама алды. 

Ғалиахметов өз тобында екінші орынға табан тіресе, Никиша мен Әжіғалиев бірінші орыннан көрінді. Осылайша, қазақстандық спортшылар автоматты түрде келесі кезеңге өтті. 

Айта кетелік, ширек финал, жартылай финал және финалдық кезеңдер 13 ақпанға жоспарланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу