Шорт-тректен Қазақстан командасы Ресей кубогінің бірінші кезеңіне қатысады

701

Ресей кубогінің бірінші кезеңі шорт-трекшілер қатысатын маусымдағы алғашқы бәсеке. 

Шорт-тректен Қазақстан командасы Ресей кубогінің бірінші кезеңіне қатысады

12-15 қыркүйек күндері Ресейдің Коломна қаласында шорт-тректен Ресей Федерациясы кубогінің бірінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған турнирге Қазақстан командасы да қатысады. Әлем үздіктері бақ сынайтын додаға қазақстандықтар толық құраммен барады. Атап айтар болсақ, ерлер құрамасының үздігі Абзал Әжіғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамұхаев, Әділ Ғалиахметовтар айдынға шығады.

Ал қыздар командасынан екі спортшы қатыспайды. Олар – Әлия Ким мен Анастасия Крестова. 

Ресей кубогінің бірінші кезеңі шорт-трекшілер қатысатын маусымдағы алғашқы бәсеке. Кейін Қазақстанның ерлер командасы Қытайдағы турнирге аттанады. Шанхайда өтетін бәсекеде біздің команда эстафетадан және 1000 метрге жүгіруден бақ сынайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу