Шорт-тректен Қазақстан командасы Жапониядағы әлем кубогіне аттанды

853

29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Жапонияның Нагоя қаласы шорт-тректен әлем кубогінің үшінші кезеңін қабылдайды.

Шорт-тректен Қазақстан командасы Жапониядағы әлем кубогіне аттанды

Шорт-тректен жаңа маусым жалғасуда. Жақында АҚШ пен Канададағы әлем кубогінен оралған қазақстандық спортшылар кезекті жарысқа қатысу үшін Жапонияға ұшып кетті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Жапонияның Нагоя қаласы шорт-тректен әлем кубогінің үшінші кезеңін қабылдайды. Команда бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков кубоктік кезеңде бақ сынайтын спортшылар тізімін жария етті. 

Олар: Абзал Әжіғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Мерсаид Жақсыбаев, Нұртілек Қажығали, Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамұханов, Ольга Тихонова және Алена Волковитская.  Әлем кубогінің төртінші кезеңі 8-10 желтоқсан күндері Қытайдың Шанхай қаласында өтпек. 

Айта кетелік, АҚШ-та өткен әлем кубогінде қазақстандық Абзал Әжіғалиев 500 метрге жарысудан қола жүлдегер атанды.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу