Шорт-тректен Қазақстан құрамасы әлем кубогінде "қола" жеңіп алды

215

Қазақстан шорт-трек құрамасы жаңа маусымды қола жүлдемен бастады.

Шорт-тректен Қазақстан құрамасы әлем кубогінде "қола" жеңіп алды Фото: olympic.kz

Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Канаданың Монреаль қаласында өткен әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, отандастарымыз 5 мың метрлік эстафетада үздік үштікке ілікті.

Қазақстан құрамасы сапында Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамуханов және Мерсаид Жақсыбаев өнер көрсетті.

Қытайлық шорттрекшілер жеңімпаз атанса, канадалықтар мәреге екінші болып жетті.

Осылайша, Қазақстан шорт-трек құрамасы жаңа маусымды қола жүлдемен бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу