Шортандыда аламан бәйге өтті

1852

Шортандыда аламан бәйге өтті

Шортанды кентінің ипподромында Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығына арналған ат спортынан мерекелік шара өткізілді.
Мерекелік шараның бағдарламасында көкпар, 7 шақырымға жарыс, жорға, желісті аттар жарысы, тоқ–бәйге, аламан-бәйге, аударыспақ, қыз-қуу сынды түрлері бар.
Жарысқа ауданның, Ақмола облысы қалаларының және Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен келген, тиісті дайындықтан өткен және дәрігердің рұқсаты бар қатысушылар ғана жіберілді.
Іс-шарада атақты қазақ балуандары Қажымұқан Мұңайтпасов пен Балуан Шолақтың жалғастырушысы, волейболдан және пауэрлифтингтен спорт шебері, гір тасын көтеру спорт шеберлігіне үміткер, күш сынаудан 4 мәрте әлем рекордсмені Сергей Цырульников өнер көрсетті. Сондай-ақ, ат спортының әуесқойлары Астана қаласының ұшқыштар авиациялық оқу орталығының көрсетілімдерін тамашалау мүмкіндігіне ие болды.
Ал, жарыстың қорытындысы бойынша, жеңімпаздар аудан басшысының алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кету керек, 6 жылдан астам ұлттық ат спорт түрлері бойынша жарыстар аудандағы басқа да спорт түрлері арасында лайықты дәстүрлі орын алатын болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу