Шортандыда газ баллонының жарылуынан зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды

1547

2008 жылы туған Жарқынбек Оразалы жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Шортандыда газ баллонының жарылуынан зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды

Ақмола облысы Шортанды ауылында газ баллонының жарылуынан зардап шеккен тағы бір адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

"2021 жылы 20 қарашада сағат 21:34-те Нұр-Сұлтан қаласындағы қалалық балалар ауруханасында Шортанды ауылында газ баллонының жарылуы салдарынан зардап шеккен кәмелетке толмаған 2008 жылы туған Жарқынбек Оразалы жансақтау бөлімінде қайтыс болды", – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, 16 қараша кешкі уақытта көп пәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің бірінде жарылыс болып, 350 шаршы метр аумақты өрт шарпыған. Оқиға орнынан үш адамның мәйіті табылды, тағы 11 адам, оның ішінде бес бала түрлі жарақаттармен ауруханаларға жатқызылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу