Атап айтқанда, тас жолда 30 шақырымдық кептеліс пайда болып, жүргізушілер діттеген жеріне бірнеше сағат жүріп барған, деп жазады 24kz.
Негізі қалың қар кесірінен бұған дейін Шотландияда 200-ден астам мектеп уақытша жабылған. Табиғаттың тосын мінезі Солтүстік Ирландия жұртын да әуре-сарсаңға түсірді. Мұнда қоғамдық көлік қозғалысы шектеліп, біраз мектептер жұмыс істемей тұр. А, синоптиктер "қар әлі де жауады" деп топшылап отыр.
"Қар жауатыны жайлы алдын ала ескертілді. Сондықтан коммуналдық қызмет мұндай жағдайға дайын болуы тиіс еді. Тым құрыса, маңызды тас жолдағы қозғалыстың шектелмеуін қадағалау керек еді", – дейді жүк көлігінің жүргізушісі Ян Гуди.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу