Шотландия Ұлыбританиядан тәуелсіздік алу туралы референдумға дайындалуда

830

Ол үшін Ұлыбритания үкіметінің келісімі керек. 

Шотландия Ұлыбританиядан тәуелсіздік алу туралы референдумға дайындалуда

Шотландияның бірінші министрі Никола Стерджен Ұлыбританиядан тәуелсіздік алу туралы екінші референдум науқанының басталғанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шотландия ұлттық партиясын басқаратын министр тәуелсіздік мәселесін қайта қарау керек деп мәлімдеді.

"Brexit, Covid-19 оқиғаларынан кейін жаңа бастамаларды ұсынатын уақыт келді", – деді ол.

Стерджен 2023 жылдың соңына дейін жаңа референдум өткізгісі келетінін айтты. Ол үшін Ұлыбритания үкіметінің келісімі керек. Бірақ Борис Джонсон бұл мәселе 2014 жылғы дауыс беру кезінде шешілді деп айтып отыр.

"Егер біз 2014 жылы Ұлыбританияның қазіргі ахуалы туралы білгенде, онда Шотландия "иә" деп дауыс беретін еді", – деді Стурген.

Ол Джонсон үкіметін тәуелсіздік туралы референдум өткізуге бұйрық шығаруға шақырды. Алайда Джонсонның кеңсесі бұл ұсынысты тағы да қабылдамай тастады.

Еске сала кетсек, Шотландия 2014 жылғы референдумда тәуелсіздікке қарсы дауыс берді, сайлаушылардың 55%-ы Ұлыбританияда қалғысы келетінін білдірді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу