Шотландия үш жылдан кейін толықтай жаңартылатын энергияға ауысады

1262

Қазір жасыл энергетиканың үлесі 60 пайызды құрап отыр.

Шотландия үш жылдан кейін толықтай жаңартылатын энергияға ауысады

Бұл туралы ел үкіметі шотландиялық ассоциацияның жаңартылатын энергия көздері бойынша баяндамасынан кейін жариялады. Құжатқа сәйкес, жел, күн және су энергетикасы елдегі негізгі қуат көздері саналады. Бұлар халықтың 75 пайызын энергиямен қамтамасыз етіп отыр. Биліктің айтуынша, соңғы жылдары мұндай қуат көздерінің бағасы едәуір арзандаған. 

Құжатта көлік және жылу энергетикалық секторындағы көмірқышқыл газының мөлшерін азайту мәселесі көтерілген. Егер де жоспар іске асса, үш жылдан кейін ел толықтай жасыл энергияға көшеді. 

"Жаңартылатын энергияға қатысты жобалардың арқасында Шотландияда көптеп жұмыс орындары ашылып жатыр, әсіресе ауылдық аймақтарда. Сонымен қатар бұл жоба климаттың өзгеруіне әкеліп соғатын көмірқышқыл газы мөлшерінің азаюына зор үлесін қоспақ", – деді жергілікті билік өкілдері. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу