BBC-дің дерегі бойынша, Шотландия биылғы жартыжылдықта жел энергиясын өндіруден рекордттық көрсеткішке қол жеткізді. Қаңтар мен маусым айлары аралығында 9,831,320 мегаватт алынды, деп хабарлайды CNBC.
Мамандар "бұл энергия көлемі Шотландия мен солтүстік Англиядағы үйлердің барлығын жарықпен қамтамасыз ете алады" дейді. Яғни 4,47 миллион баспананы қуат көзімен қамтуға болады.
Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, Шотландияның жел энергиясын өндірудегі төңкерісі әлі де жалғасын таппақ. Сондай-ақ олар елдің табиғатқа еш зияны жоқ, таза энергияны қолданып жатқанын алға тартты.
Severn Wye Energy агенттігі өкілдері Шотландияның Біріккен Корольдігіндегі энергетика нарығында маңызды рөл атқаратынын тілге тиек етті.