Шотында жарты млрд теңге ақшасы бар ер адам ұлына 30 мың теңге алимент төлеп отырған

272

Жауапкер өзінің ата-анасына тиесілі дәріханада жұмыс істеген.  

Шотында жарты млрд теңге ақшасы бар ер адам ұлына 30 мың теңге алимент төлеп отырған Фото: pexel

Ақтөбе тұрғыны шотында 500 миллион теңгесі бола тұра, ай сайын ұлына алимент ретінде 30 мың теңге төлеп келген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Время" басылымына сілтеме жасап.

Қалалық сот жергілікті тұрғынның бұрынғы жұбайынан алимент өндіріп алуға қатысты талабын қарады. 

Басылымның жазуынша, экс-күйеуінің отбасы айналысып жүрген кәсіпкерлік қызмет туралы білгеннен кейін әйелі осындай қадамға барған. Ол баланың әкесі алимент мөлшерін азайту үшін табысын әдейі төмендетіп жүр дегенді алға тартқан.

Сотта жауапкердің ата-анасына тиесілі дәріханада ресми жұмыс істейтіні белгілі болды. Ай сайын ол 120 мың теңге жалақы алды.

"Бірақ жауапкердің банктік шоттарына 2022 жылдан бастап 2024 жылдың қыркүйегіне дейін 7 миллионнан астам ақша түскені, ал шоттардағы 512,7 миллион теңге жиналғаны анықталған. Баланың әкесі сотта бұл қаражат оның ата-анасына тиесілі екенін айтқанмен, өз сөздерін растайтын ешқандай дәлел келтірмеген. Бұдан басқа ер адамның атына екі көлік тіркелді. Сот мұны ер адам өз табысын жасырмақ болды деп тапты", – делінген хабарламада.

Облыстық мамандандырылған ауданаралық соты талапкердің пайдасына ай сайынғы табысының төрттен бір бөлігі мөлшерінде алимент өндіріп алу туралы шешім қабылдады. Бұдан басқа ер адам ай сайын 20 АЕК-ке тең сома төлейтін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу