Шпагадан ерлер арасындғы командалық Азия чемпионатында Қазақстан күміс медальға ие болды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Финалдық кездесуде қазақстандық семсерлесу шеберлері Оңтүсік Корея өкілдеріне 45:36 есебімен жол берді.
Қазақстан ерлер командасы финалға дейін Вьетнам құрамасын 45:33 есебімен, жартылай финалда Тайланд командасын 45:32 есебімен ұтқан болатын.
23 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан додада Қазақстан құрама сапынан ел намысын Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов, Александр Савин және Кирил Павлов қорғады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу