Шпекбаев кедендіктерге шүйлікті

779

Шпекбаев кедендіктерге шүйлікті

Кеденді автоматтандыруға бөлінген миллиардтаған қаржы тиімсіз жұмсалған. Бұл туралы ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты, деп хабарлайды lsm.kz.

Шпекбаев әсіресе кедендік процедураларды автоматтандыру бағдарламасын іске асырудағы кемшіліктерге шүйлікті. Бұл жұмыстарға 80 млрд теңгеден көп қаржы бөлінген болатын.

"Миллиардтаған қаржы қайда кетті? Керек болса тексереміз. Мені жаңа бағдарлама туралы сұрақтар қызықтырады. Еуропалық жүйені, Оңтүстік-Шығыс Азияның жүйесін зерттеген жан бар ма, неге оларда іске асады, ал бізде кері кетті?- деп сұрады ол кедендік органдар өкілдерінен арнайы мониторингтік тобының кезекті отырысында.

"Біз қазір жақсы ақталып жүрміз, бірақ тереңірек тексерсек, кінәлілер міндетті түрде табылады" - деді Шпекбаев.

Сонымен қатар ол "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы мен Қырғызстанмен шекарадағы сағаттарға соғылған кезек мәселесін шешуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу