"Шрек" мультфильміндегі Есек дауысын салатын актер Эдди Мерфи мультфильмнің бесінші бөлімі өндірісте екенін хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz сайты Collider-ге сілтеме жасап.
Мерфидің айтуынша, ол жаңа "Шрек" үшін бірінші актідегі кейіпкерінің сөздерін дыбыстап үлгерген. Танымал мультфильмнің бесінші бөлімінің премьерасы 2025 жылға жоспарланған. Мультхикая бойынша жұмыс осы жылдың басында басталды.
Сонымен қатар, Мерфи Есек туралы бөлек спин-офф түсірілетінін айтты. Актердің айтуынша, түсірілім жаңа "Шрек" шыққаннан кейін басталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу