Шри-Ланка 2025 жылдың басынан бері туризмнен 2,6 млрд доллардан астам табыс түсірді

111

2025 жылдың алғашқы он айында Шри-Ланка туризм саласынан 2,66 млрд доллар табыс тапты, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Шри-Ланка 2025 жылдың басынан бері туризмнен 2,6 млрд доллардан астам табыс түсірді Фото: canva

Шри-Ланка Орталық банкінің деректеріне сәйкес, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,9 пайызға жоғары көрсеткіш.

Тек қазан айының өзінде туризмнен түскен кіріс 186,1 млн долларға жеткен. Ал Шри-Ланка туризмді дамыту басқармасының мәліметінше, 1 қаңтар мен 12 қараша аралығында елге 1,9 млн-нан астам шетелдік турист келген.

Туристер легі бойынша Үндістан көш бастап тұр – 443 622 адам. Олардың артынан 180 592 туристпен Ұлыбритания, 144 308 адаммен Ресей, 123 053 адаммен Германия және 115 400 адаммен Қытай орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу