Шри-Ланка әскерилері ереуіл кезінде қару қолданғанын мойындады

672

Президент Готабая Раджапакса 13 шілдеде отставкаға кетеді.

Шри-Ланка әскерилері ереуіл кезінде қару қолданғанын мойындады

Шри-Ланканың әскери күштері наразылық шарасы кезінде қару қолданғанын мойындады, бірақ ереуілшілерге зиян тигізгісі келмегенін мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Наразылықтар кезіндегі атыс түсірілген бейнероликтер әлеуметтік желіде тарап кеткеннен кейін, әскерилер осындай мәлімдеме жасады. 

Әскери шенеуніктер наразылық шарасы кезінде ескерту ретінде бірнеше рет оқ атылғанын айтты.

9 шілдеде мыңдаған адам Шри-Ланка астанасы Коломбо көшелеріне шығып президент Готабая Раджапаксаның отставкаға кетуін талап еткен болатын. Ереуіл кезінде кем дегенде 40 адам зардап шекті. Бас көтергендер қоршауды бұзып, оның резиденциясының аумағына баса-көктеп кірген болатын. Раджапакса қашуға мәжбүр болды. Ол 13 шілдеде отставкаға кететінін мәлім етті. 

Сәуір айында Шри-Ланка экономикалық дағдарысқа тап болды. Коронавирустық пандемия салдарынан елге келетін туристердің саны азайып, шетел валютасының тапшылығы орнады. Шри-Ланка отынды сатып алу үшін төлем жүргізе алмай қалды.

Табиғат Нұрболат

Фото: afp.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу