Шри-Ланка билігі паранжы киюге тыйым салмақ

608

1000-нан астам медресе жабылуы мүмкін.

Шри-Ланка билігі паранжы киюге тыйым салмақ

Шри-Ланка билігі паранжы киюге тыйым салып, мыңнан астам мұсылман мектептерін жабуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды іnbusiness.kz  Euronews.com сайтына сілтеме жасап. 

Құжатқа Қоғамдық қауіпсіздік министрі Сарат Вирасекара қол қойды. Алдағы күндері оны үкімет қарауға тиіс.

Буддистер ғибадатханасындағы рәсім кезінде Қоғамдық қауіпсіздік министрі: "Паранжы ұлттық қауіпсіздікке тікелей әсер етеді...Бала кезімізде біздің мұсылман достарымыз, оның ішінде мұсылман қыздар болды, бірақ олар ешқашан паранжы киген емес. Бұл экстремизмнің белгісі, жақында ғана пайда болған үрдіс. Сондықтан біз бұған тыйым саламыз", – деді.

Вирасекара 1000-нан астам медресенің жабылуын бұл мектептердің ұлттық білім беру саясатын ұстанбайтындығымен түсіндірді. 

Еске сала кетсек, Шри-Ланкада 2019 жылдың сәуірінде паранжы киюге уақытша тыйым салынған еді. 22 миллионға жуық тұрғыны бар бұл елдегі халықтың 9%-ы – мұсылмандар. 15%-ы – индуизмді ұстанатын тамилдер,  70%-ы буддистер.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу