Шри-Ланка ресейлік мұнайды несиеге сатып алмақ

637

12 маусымда ел Премьер-Министрі Ранил Викрамасингхе Ресейден мұнай импортталуы мүмкін екенін жариялаған еді.

Шри-Ланка ресейлік мұнайды несиеге сатып алмақ Фото: reuters.com

Шри-Ланканың Энергетика министрі Канчана Виджесекера Ресейден мұнайды несиеге сатып алатынын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазір осыған қатысты келіссөздер жүріп жатыр. 

Ресейлік компанияларды мұнайды несиеге сату бойынша жауабын Виджесераға жолдаған. Құжатты министрге Ресейдің бұл елдегі елшісі Юрий Материй жеткізген. Тараптар арасындағы келіссөздер біразға созылуы мүмкін.

12 маусымда Шри-Ланка Премьер-Министрі Ранил Викрамасингхе Ресейден мұнай импортталуы мүмкін екенін жариялаған еді. Үкімет басшысы елдің мұндай қадамға баруына елдегі экономикалық ахуал себеп болып отыр деп мәлімдеді. Алайда премьер-министр Шри-Ланканың негізгі импорттаушылары Парсы шығанағы елдері болатынын айтты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу