Шри-Ланкада коменданттық сағат ұзартылды

585

Ереуіл басталғалы 9 адам қаза тапты.

Шри-Ланкада коменданттық сағат ұзартылды

Шри-Ланкада үкіметтің жақтастары мен оған қарсы топтардың қақтығыстарынан кейін жарияланған жалпыұлттық коменданттық сағат 13 мамырға дейін ұзартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Colombo Gazette басылымына сілтеме жасап. 

Ереуіл шарпыған қалалардағы қоғамдық тәртіпті орнатуға әскери қызметкерлер жұмылдырылды. Елдің қорғаныс министрлігі тәртіпсіздіктер ұйымдастырғандарға оқ атуды бұйырды.

Жергілікті полицияның соңғы мәліметі бойынша, жаппай наразылық басталғаннан бері тоғыз адам қаза тауып, 240-тан астамы жарақат алған. Билік шетелдік туристерге көшеге шықпауға кеңес берді.

Шри-Ланка 1948 жылы тәуелсіздік алғаннан бері ең ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешіруде. Халықтың өмір сүру жағдайының нашарлауына қарсы ереуілдер сәуір айында басталды. Пандемия салдарынан туризмнің тұралауы дағдарысқа, валюталық резервтердің жетіспеуіне әкеліп соқты. Билік ресурстарды қатаң үнемдеуге және импортты азайтуға мәжбүр болды. 

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу