Шри-Ланкада шахматтан оқушылар арасында Азия чемпионаты өтті

1330

Шри-Ланкада  2-11 желтоқсан аралығында оқушылар арасында шахматтан Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шри-Ланкада шахматтан оқушылар арасында Азия чемпионаты өтті

Желтоқсан айының 2-11 жұлдызы аралығында Шри Ланка елінде өткен шахматтан оқушылар арасында Азия чемпионатында Астана қаласының шахматшылары жақсы нәтиже көрсетті.

Шахматтың классика түрінен: 

9-жасқа дейін ұлдар арасынан Жауынбай Әлімжан 3-орын, 11-жасқа дейін қыздар арасынан Алтынбек Айару 2-орын, 13-жасқа дейін қыздар арасынан Алеманова Ясмина 3-орын

Шахматтың блиц түрінен:

7-жасқа дейін ұлдар арасынан Хати Тайлан 3-орын, 9-жасқа дейін ұлдар арасынан Жауынбай Әлімжан 1-орын, 11-жасқа дейін қыздар арасынан Алтынбек Айару 2-орын, 13-жасқа дейін қыздар арасынан Алеманова Ясмина 3-орын, 17-жасқа дейін ұлдар арасынан Жасан Мирас 3-орын иемденді.

Айта кетсек, әр номинация бойынша үздік ойыншыларға кубоктар, медальдар және сертификаттар табысталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу