Шри-Ланкада су тасқыны мен лай көшкінінен құрбан болғандардың саны артып жатыр, деп хабарлайды 24.kz.
Табиғи апаттан 151 адам көз жұмып, 111 тұрғын жоғалып кеткен. Құтқару-іздестіру жұмыстарына жарты миллионға жуық адам тартылды. Шри-Ланка үкіметінің мәлімдеуінше, құрбандардың көбін лай көшкіні алып кеткен. Бірнеше адам суға батқан. Ел билігі құтқару шараларына әскери авиациядан бастап барлық күшін жұмылдырып жатыр. Соңғы 14 жылда болмаған алапат тасқыннан зардап шеккен аралдағы ел халықаралық қауымдастықтан жәрдем сұрады. Бірінші болып Үндістан көмек қолын созды. Олар үш әскери-теңіз флоты мен керек-жарақтар жөнелткен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу