Өткен демалыста Шри-Ланка астанасында болған лаңкестік оқиға кезінде 15 елдің азаматы көз жұмды. Жалпы саны – 39. Олардың арасында Үндістан, Британия, Австралия, Қытайдан келген туристер басым. Құрбандардың дені – жергілікті тұрғындар, деп хабарлайды Atameken Business.
Естеріңізге сала кетейік, Католиктер Пасханы тойлап жатқан кезде жергілікті радикалды топтар шіркеу және бірнеше қонақ үйге жарылғыш зат лақтырған. Шри-Ланкадағы жарылыс салдарынан 290 адамның жаны қиылды. Жарақат алғандар – 500-ге жуық.
Жергілікті полиция Коломбо қаласында болған 8 жарылыстың 7-еуін жанкештілердің жасағанын хабарлады. Қазір осы іске қатысы бар деген 24 күдікті қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.