Шри-Ланкадағы жарылыстарды ДАИШ мойнына алды

810

Бүгін әлеуметтік желі арқылы бейнематериал таратқан лаңкестер мұны Жаңа Зеландия мешітінде қырылған мұсылмандар үшін қайтарылған қарымта екенін айтты.

Шри-Ланкадағы жарылыстарды ДАИШ мойнына алды

Шри-Ланкада болған 8 жарылысты "Ислам мемлекеті" ұйымы жасаған, деп хабарлайды Atameken Business шетелдік БАҚ-қа сілтемемен.

Бүгін әлеуметтік желі арқылы бейнематериал таратқан лаңкестер мұны Жаңа Зеландия мешітінде қырылған мұсылмандар үшін қайтарылған қарымта екенін айтты.

Шри-Ланка билігінің хабарлауынша, Коломбо қаласында болған 8 жарылыстың 7-еуін жанкештілер жасаған. Қазір осы іске қатысы бар деген 2 радикалды топтың 24 мүшесі қамауға алынды.

Айта кетсек, өткен демалыста болған жарылыстардан 321 адам көз жұмып, 500-ден аса адам ауыр жарақат алған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу