Шу ауданының тұрғыны досына несие алып беремін деп қарызға батты

217

Банктен алған 1,9 млн теңге несиесі 3 миллион берешекке айналды.  

Шу ауданының тұрғыны досына несие алып беремін деп қарызға батты Фото: gov.kz

Аталған даулы іс Шу аудандық сотында қаралған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жамбыл облыстық сотының мәліметінше, бір азамат танысының өтінішін орындап, банк несиесін өз атына рәсімдеген. Ал, танысы қарызды өзі төлейтінін айтып, уәде берген. Алайда іс жүзінде айтқанын орындамаған. Соның салдарынан қарыз өсіп, 3 млн теңгеге дейін жеткен. Соңында берешекті өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінеді.

Сот процесі барысында тараптар медиация арқылы мәмілеге келді. Келісім бойынша, жауапкер ай сайын 200 мың теңгеден қарызын өтеуге міндеттелді.

Сот бұл келісімді бекітіп, талапкерге мемлекеттік баж салығы қайтарылды.

Шешім заңды түрде күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу