"Елімізде тағы бір қант зауытын салу мәселесі ұзақ уақыт талқыланып келді. Түркияның Konya компаниясымен бірлесіп Шуда қант зауыт салынады. Қазір аталған жобаны қарастырып жатырмыз. Қант саласын дамыту бағдарламасы 2025 жылға дейін өндірісті 270 мың тоннаға дейін өсіруге мүмкіндік береді", - деп мәлімдеді Серік Жұманғарин Үкімет үйінде өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, елімізде қант тапшылығына қатысты проблема туындамайды.
"Былтыр еліміз бойынша 306 мың тонна қант өндірілді. Бұл - өте жоғары нәтиже. Себебі, бұған дейін көрсеткіш жылына 100 мыңнан сәл жоғары болған" - дейді ол.