Кеш хабарланғандықтан, өрт үлкен аумақты қамтыды.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Өрт сөндірушілер келген кезде өрт үйдің шатырына таралып кеткен еді. Кеш хабарланғандықтан, өрт үлкен аумақты қамтып үлгерді. Қызметкерлер өртті сөндіруге кірісті. 180 адам эвакуацияланды. Сондай-ақ 4 газ баллоны далаға шығарылды. Өрт орнында үздіксіз су беру ұйымдастырылды. Оқиға орнынан 1 шақырым қашықтықта мектеп базасында эвакуациялау пункті ашылды. Қабылданған шаралардың арқасында оттың бесінші қабатта орналасқан пәтерлерге таралуына жол бермей, 750 ш.м. алаңда сөндірілді", – делінген өңірлік ТЖД хабарламасында.
Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.