Шу қаласында жеке үй өртеніп, екі бала көз жұмды

479

Түнде Жамбыл облысының Шу қаласында болған өрттен екі кішкентай бала көз жұмды.

Шу қаласында жеке үй өртеніп, екі бала көз жұмды

Бұл туралы өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қайғылы оқиға желтоқсанның 2 жұлдызынан 3-не қараған түні болған. Шу қаласындағы жеке үйлердің бірінен өрт шыққан. Жергілікті департамент дегерінгінше, қызыл жалын жалпы ауданы 30 шаршы метрді аумақты шарпыған. Үй заттары мен барлық жиһаздардар отқа оранған.

"Өрт сағат 00:10-да оқшауланып, сағат 00:35-те "СПиАСР" мемлекеттік мекемесінің күшімен жойылды. Оны сөндіруге 4 қызметкер және 1 техника жұмылдырылды", - деп мәлім етті ТЖД баспасөз қызметінен.

Құзырлы орган мәліметінше, тілсіз жау ауыздықталғаннан кейін оқиға орнынан 5 және 2 жастағы екі баланың мәйіті табылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу