Шу қаласының тұрғыны африка түйеқұстарын ауласында өсіріп отыр

460

Тұрғын 4 бас түйеқұсты 5 млн теңгеге Африкадан Алматы арқылы алдырыпты. 

Шу қаласының тұрғыны африка түйеқұстарын ауласында өсіріп отыр Фото: livejournal.com

Әр қайсысының бойы екі метр, салмағы 80 келіден асады. Ендігі мақсаты ет бағытында құс санын көбейту. Өйткені түйеқұстың еті жылқыныкінен кем емес дейді.

Келісінің құны нарықта 15 мың теңгеге дейін бағаланады, деп жазады inbusiness.kz qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Сондықтан түйеқұс санын 50-ге жеткізу жоспарында бар. Әзірге кәсіпкер әкімдіктен 2 гектар жер алған.

"Төртіншісін сойып саттық. Инкубатор сатып алдық, 20 балапан шығады. 42 күн басылады. Субсидия берілсе жақсы болар еді, бізге көмек болар еді.", дейді кәсіпкер.

Түйеқұс тырнақтары ішік пен тон тігуде түйме жасауға таптырмайды. Ал қылыштай кірпігінен суретшілердің қылқаламы жасалады. Ал терісінің құны 200 АҚШ долларына дейін барады екен. Бірақ мұндай пайдаға кенелу әзірге арман ғана.

Ал аймақтағы Ауыл шаруашылығы басқармасы кәсіпкерлер көбейсе ғана қаржы қаралуы мүмкін деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу