Шу мен Талас алабында 5 мың гектар суармалы жер игерілмей жатыр

1730

Қырғыз үкіметімен жаңа келісім жасалуы мүмкін.  

Шу мен Талас алабында 5 мың гектар суармалы жер игерілмей жатыр

Алдағы жиырма жылда Қазақстандағы су тапшылығы 50 пайызға жетуі мүмкін,  деп хабарлайды Inbusiness.kz. Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Серік Қожаниязов осылай деп отыр.

 "Ғалымдардың болжамы бойынша Қазақстанда 2040 жылға қарай су тапшылығы 50 пайызға дейін жетуі мүмкін. Қырғыз Республикасымен су шарушалық  қатынас туралы айтсақ, Шу және Талас өзендеріндегі су шаруашылық нысандарының  жағдайы нашар болуына байланысты Қазақстан   тарапы жылына 5 мың гектардан астам суармалы жерді пайдалана алмай отыр. Сондықтан, Шу және Талас өзендерінің мемлекетаралық шаруашылық нысандарын пайдалану туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою мәселесі пысықталуда", - деді-вице министр ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу