Шу мен Талас өзендеріндегі су қоймаларының жұмыс режимі келісілді

1985

Комиссияның қазақстандық бөлігін Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов, ал қырғыз бөлігін – Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Су ресурстары мемлекеттік агенттігі директорының орынбасары Абдыбай Джайлообаев басқарды. 

Шу мен Талас өзендеріндегі су қоймаларының жұмыс режимі келісілді

Қазақстан мен Қырғызстан вегетациялық кезеңге Шу және Талас өзендеріндегі су қоймаларының жұмыс режимін және мемлекетаралық арналар арқылы су беру кестесін келісті, деп хабарлайды inbusiness.kz Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бейнеконференция байланысы режимінде Шу және Талас өзендерінде мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы комиссиясының кезекті 28-ші отырысы өткізілді, деп жазылған хабарламада.

Комиссия жұмысына Экология, геология және табиғи ресурстар, Сыртқы істер министрліктерінің, Жамбыл облысы әкімдігінің, су шаруашылығы мекемелері мен ұйымдарының өкілдері қатысты.

"Отырыс барысында Тараптар 2021 жылғы вегетациялық кезеңге Шу және Талас өзендеріндегі су қоймаларының жұмыс режимін және мемлекетаралық арналар арқылы су беру кестесін талқылады, сонымен қатар мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы объектілеріндегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының түрлері мен көлемдерін бекітті" деп көрсетілген хабарламада.

Сонымен қатар, Комиссия "Шу және Талас өзендері бассейндері үшін іс-қимылдың Стратегиялық бағдарламасын" бекітті, оның шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарының қолдауымен су ынтымақтастығын нығайту жөніндегі іс-шаралар іске асырылатын болады.

 

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу