"Жолаушылар тасымалы" АҚ 2026 жылғы 19 ақпаннан бастап №6946/6945 Шу – Отар қала маңы бағыты бойынша электрпойызын іске қосады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл шешім тасымалдау көлемін айтарлықтай ұлғайтып, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасы мен жайлылық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Енді бұл бағытта төрт вагоннан тұратын электрпойызы пайдалануға беріледі. Пойыздың жалпы сыйымдылығы 300-ден астам жолаушыны құрайды.
Электрпойыз күн сайын қатынайды:
- Шу станциясынан жөнелту – 15:30, Отар станциясына келу – 19:00.
- Отар станциясынан жөнелту – 06:40, Шу станциясына келу – 10:03.
Жолаушылар үшін жайлылық деңгейі бойынша үш қызмет көрсету санаты қарастырылған:
- 1-санат – 2257 теңге
- 2-санат – 2097 теңге
- 3-санат – 1751 теңге
Билеттерді комиссиясыз bilet.railways.kz ресми сайтынан және "Жолаушылар тасымалы" АҚ кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпарат 1433 байланыс орталығы арқылы ұсынылады.