Шу тұрғынынан 11 келіден астам марихуана тәркіленді

697

50 жастағы күдікті ер адам кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.  

Шу тұрғынынан 11 келіден астам марихуана тәркіленді Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында Шу тұрғынынан 11 келіден астам марихуана тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде сақтаудың кезекті фактісін анықтады. Олар Шу ауданында арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Toyota Corolla автокөлігін тоқтатқан. Тінту кезінде машинаның жүк салғышынан жолаушыға тиесілі жалпы салмағы 11 келі 760 грамм болатын кептірілген марихуана салынған қара полиэтилен пакет табылды.

"Күдікті – Шу қаласының 50 жастағы тұрғыны өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді", – деп хабарлады ПД бастығының орынбасары Нұржан Рахметуллаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу