Шу тұрғынынан 38 келіден астам есірткі тәркіленді

530

Ұсталған азамат кінәсін мойындады.

Шу тұрғынынан 38 келіден астам есірткі тәркіленді

Шу ауданының аумағындағы “Шу-Меркі” тас жолынан 20 шақырым жердегі құмға жақын маңдағы аймақта Шу ауылының 50 жастағы тұрғынынан жалпы салмағы 38 келіден асатын “каннабис өсімдігі” есірткісі табылып, тәркіленді.

 – Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл бап бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады, – деп хабарлады облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс- қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу