Жамбыл облысы Шу ауданы тұрғынының көлігінен 52 келі есірткі табылған, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
50 килограмнан астам марихуана мен 2 келі гашишті полицейлер Жамбыл облысының Шу ауданында "Лада" маркалы автокөлікті тексеру кезінде тапқан.
"Шу қаласының 35 жастағы тұрғыны бұрын есірткі құралдарын аса ірі көлемде өткізу мақсатынсыз заңсыз тасымалдағаны үшін сотты болған. Алайда ол бұл әрекетін жалғастыруды ойлаған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған", – делінген ведомство хабарламасында.