"Шұбаркөл көмір" темір жол цехының паркі үш жаңа тепловозбен толықты

1980

Қосымша локомотивтерді қолдану компанияның 2018 жылға қарағанда 1,5 млн тоннаға артық көмір жөнелтуіне ықпал етпек.

"Шұбаркөл көмір" темір жол цехының паркі үш жаңа тепловозбен толықты

ERG құрамындағы "Шұбаркөл көмір" АҚ темір жол паркінің дамуына 2,7 млрд теңгеден астам қаржы салынды, деп хабарлайды компанияның корпоративтік коммуникациялар қызметі. 

Брянск машина жасау зауытының (РФ) 2ТЭ25КМ екі секциялық магистралдік локомотиві салмағы 6 400 тоннаға дейінгі жүк пойыздарын тарта алады. Бұрынғыларға қарағанда, осы тепловоздың бірталай артықшылығы бар: тарту күшінің жоғырылығы, диагностика құралдарының жетілдірілгендігі, т.б.

Құрылым ерекшелігіне байланысты, 2ТЭ25КМ  моделінің пайдалану шығындары, соның ішінде жанармай шығыны бұрынғы модельдерден аз. 

Бұдан басқа, тағы екі су жаңа тепловоз кәсіпорынның ішкі жолдарында шығару және дөңестік жұмыстарды орындайды. Тура сол өндіруші зауытының ТЭМ 18 ДМ маневрлік тепловоздары жаңа үлкейтілген машинист кабинасымен, жетілдірілген және үнемді дизель-генераторымен жабдықталған. Тепловоздарда борттық энергиямен жабдықтау, микропроцессорлық басқару және диагностика жүйелері, сонымен қатар машинист кабинасында микроклимат жүйесі қолданылады. Аталған жүйелер жанармайдың қосымша үнемделуін, локомотивке техникалық қызмет көрсету және жөндеу шығындарын азайтуды және локомотив бригадаларында еңбек жағдайларының жақсартуын қамтамасыз етеді.       

Жаңа техниканы сатып алу "Шұбаркөл көмір" АҚ 2019 жылғы инвестициялық бағдарламасының аясында іске асырылған. Қосымша локомотивтерді қолдану компанияның 2018 жылға қарағанда, 2019 жылы 1,5 млн тоннаға артық көмір жөнелту жоспарын жүзеге асыруына елеулі ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу