"Шұбаркөл көмір" вахталық кентінде спорт кешені опырылып түсті

912

Абырой болғанда ешкім зардап шеккен.

"Шұбаркөл көмір" вахталық кентінде спорт кешені опырылып түсті Фото: видео скриншот

Қарағанды облысы "Шұбаркөл көмір" вахталық кентінде спорт кешенінің қабырғасы опырылып түсті, деп жазады inbusiness.kz. 

Ақпаратқа сәйкес, оқиға 25 маусым күні болған. Оқыс оқиға салдарынан ешкім жапа шеккен жоқ.

Нұра ауданының әкімдігі спорт кешені жеке меншікте екенін екенін атап өтті. Компанияның жұмыскерлеріне арналған спорт кешенінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан, ғимарат ішінде адам болмаған.

"Шұбаркөл көмір" АҚ мәліметінше, бүгінгі таңда оқиғаның себептері анықталуда. 

Спорт кешені 1989 жылы бой көтерген. Жөндеу жұмыстары сәуірде басталған көрінеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу