Шұбаркөл көмірдің өнеркәсіп алаңына америкалық жаңа самосвалдар шығарылды

1373

Компания биыл осындай 9 техника сатып алмақ.

Шұбаркөл көмірдің өнеркәсіп алаңына америкалық жаңа самосвалдар шығарылды

Шұбаркөл көмірдің өнеркәсіп алаңына 90 тонналық жаңа карьерлік самосвалдар шығарылды, деп хабарланды компаниядан.

Екі жаңа техника "Батыс" және "Орталық" разрездерінің технологиялық жолдарына шықты.

Айта кетсек, Caterpillar 777E самосвалдары арнайы көліктің техникалық күйін бақылауға мүмкіндік беретін, машинаның жұмысы мен өнімділігінің барлық параметрлерін көрсететін  компьютерлендірілген борттық жүйемен жабдықталған. Машиналар жақында сатып алынған HITACHI EX-1900 экскаваторларымен бірге көмір мен тау-кен массасын тасымалдауға жұмылдырылады.

2019 жылдың инвестициялық бағдарламасы аясында жаңартылған техникалық саясатты іске асыру үшін 11 дана CAT 777E самосвалдарын сатып алу көзделген. Бұл мақсаттарға шамамен 4,5 миллиард теңгедей инвестиция құйылмақ. Сатып алынатын самосвалдардың алтауы тозған техниканың орнын басады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу