Шұбаркөл станциясында жүк вагондары рельстен шығып кетті

199

Локомотив жеке меншік тасымалдаушыға тиесілі және аталған құрамды жеке компанияның локомотив бригадасы басқарған.

Шұбаркөл станциясында жүк вагондары рельстен шығып кетті

Қарағанды облысындағы Шұбаркөл станциясында жүк вагондары рельстен шығып кетті. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"3 қараша күні сағат 03.45-те жеке меншік жол бойында "Шұбаркөл Көмір" АҚ станциясындағы жеке кірме жолында үш жүк вагоны рельстен шығып кетті", – делінген хабарламада.

"Қазақстан темір жолы" компаниясы оқиға өзге пойыздардың қозғалысына кедергі келтірген жоқ деп сендірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу