Шұбаркөлде көмірдің 170 миллионыншы тоннасы өндірілді

2062

Еуразиялық Топ құрамындағы (ERG) "Шұбаркөл көмір" АҚ кеншілері резрездің негізі қаланған кезден бері 170 млн тонна көмір өндірген. Олар өз рекордын Еуразиялық Топтың 25 жылдығына арнады.

Шұбаркөлде көмірдің 170 миллионыншы тоннасы өндірілді

Кәсіпорын үшін ғана емес, республикамыздың тау-кен өндірісі саласы үшін атаулы 170 миллионыншы тонна мол калориялы күлділігі аз бірегей көмірді "Орталық" разрезінің ЭКГ-5 №1 экскаватор бригадасы өндірген. Осылайша, машинист Ахмадия Ахметов пен көмекшісі Николай Затонный Шұбаркөл разрезінің тарихына өз есімдерін айшықтап жазды.   

"Дәл біздің бригадамыз осындай құрмет – рекордтық тонна көмірді өндіру бақыты бұйырады деп ойламаппыз. Әдеттегідей жұмыс істедік. Мен кезінде "Шұбаркөл көмір" АҚ-ға басқа кәсіпорыннан келдім. Содан бергі 17 жыл ішінде өз таңдауыма ешқашан өкінген жоқпын. Себебі бұл жерде қашанда техника жаңартылады, қызметкерлер үшін әлеуметтік бағдарлама аясында көп нәрсе жасалады", – деді Ахмадия Ахметов.

"Шұбаркөл көмір" АҚ президенті Андрей Сафоновтың айтуынша, жаңа өндірістік жетістік бүкіл ұжымның жоспарлы жұмыс нәтижесі.

"Бізде нағыз кәсіби мамандардан тұратын ұйымшыл командамыз бар. Біз алдымызда маңызды мақсаттар қоюға және оларға жоспарлы жолмен жетуге қорықпаймыз. 170 миллион тонна көмір – бұл Еуразиялық Топтың 25 жылдығына орайластырған тартуымыз",– дейді Андрей Сафонов.

2018 жыл қорытындысы бойынша "Шұбаркөл көмір" АҚ 11 млн 600 мың тонна көмір өндіріп, рекорд тіркеген.

Кәсіпорында инвестициялық бағдарлама аясында іске асырылатын тау-кен жабдығы паркін жаңарту өндіріс тиімділігін арттыруға сүбелі үлес қосады. Қазіргі уақытта "Шұбаркөл көмір" АҚ барлық қажетті тау-кен көлік жабдығы бар және үздіксіз жұмыс пен көмір өндірісінің көлемін арттыруға қежетті біліктілігі жоғары мамандар штатымен толық жасақталған. 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында ғана шұбаркөлдік автокөлік паркіне ескірген БелАЗдардың орнына 11 заманауи ауыр Caterpillar 777E жүк самосвалдары және 18 дана қосалқы техника келді. Соның ішінде мобильдік автошеберханалар, автогидрокөтергіштер, су тасқыш, вахталық автобустар. Осы жылы техникамен қайта қаруландыру аясында, пайдалану мерзімі аяқталған екі ЭКГ-5А орнына  шөміш көлемі 11 м3 HITACHI EX-1900 экскавторы жұмыс істей бастады.

Темір жол инфрақұрылымын жаңарту бойынша ауқымды жұмыс іске асырылуда. Осы жұмыс шеңберінде ішкі темір жол желілері кеңейтіледі және қосымша жабдық сатып алынады. 2019 жылда "Шұбаркөл көмір" АҚ темір жол цехына тағы 3 маневрлік және магистралдық тепловоз келді.

Сонымен қатар, кеншілердің әлеуметтік-тұрмыс жағдайларын жақсарту үшін биыл бірнеше ауысымаралық тынығу үйлерінде құрылыс және күрделі жөндеу аяқталды, монша-кір жуу кешенінде, өндірістік ғимараттар мен құрылыстарда жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу