Шұбаттың үздігі анықталады: бас жүлдеге автокөлік қойылды

211

Жеңімпаздарға 1 млн теңгеге дейін ақшалай сыйлық беріледі.  

Шұбаттың үздігі анықталады: бас жүлдеге автокөлік қойылды Фото: azattyq-ruhy.kz

29 тамызда Ақтауда "SHUBAT FEST-2026" ұлттық шұбат фестивалі өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 Шарада Қазақстанның үздік шұбат өндірушілері анықталып, Гран-при иегеріне автокөлік табысталады.

Фестиваль Амфитеатр алаңында өтеді. Оны Маңғыстау облысының әкімдігі ұйымдастырады. Биыл шара республикалық туристік іс-шаралар күнтізбесіне және Ұлттық оқиғалар күнтізбесіне енгізілген.

Фестивальдің басты бөлігі – шұбат өндірушілер арасындағы байқау. Финалға 20 қатысушы іріктеледі. Олардың өнімдері сапа мен қауіпсіздік көрсеткіштерін анықтау үшін тәуелсіз аккредиттелген зертханаға жіберіледі.

Жеңімпаздар үш көрсеткіш бойынша жиынтық балл негізінде анықталады. Халықтық дауыс берудің үлесі – 20%, тәуелсіз зертхана қорытындысы – 40%, ал кәсіби қазылар алқасының бағасы – 40%.

Өнімнің физикалық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерімен қатар, дәмі, консистенциясы, хош иісі және ұсынылуы да бағаланады.

Негізгі байқаудың жүлдегерлеріне 1 млн, 700 мың және 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық беріледі. Ал Гран-при иегеріне автокөлік табысталады.

Бұдан бөлек, түйе сүтінен жасалған құрт, балқаймақ, десерт, балмұздақ, кофе және коктейльдер бойынша арнайы номинациялар қарастырылған.

Ұйымдастырушылар фестивальге 20–25 мың көрермен келеді деп болжап отыр. Бағдарламада гала-концерт пен танымал өнерпаздардың қойылымдары жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу