Щучьеде әскери колледж кадеті өзіне оқ атып, мерт болды

406

2024 жылдың 13 ақпанында Ш.Уәлиханов атындағы Әскери колледжінде 1 курс кадеті тәуліктік кезекшілік міндетін өтеу кезінде қарудан өзіне оқ атып, мерт болды.  

Щучьеде әскери колледж кадеті өзіне оқ атып, мерт болды Фото: IStock

Алдын ала мәлімет бойынша, Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжінде 1 курс кадеті тәуліктік кезекшілік міндетін өтеуге кіріскен. Осы кезде бекітілген қарудан өз-өзіне оқ атып, мерт болған.

Бұған қатысты Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі түсінік берді.

"Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Әскери колледждің жеке құрамы кадеттің отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталу үстінде. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу