Щучинск-Бурабай курорттық аймағына 1 млн 800 мың турист келеді

973

Щучинск-Бурабай курорттық аймағына 1 млн 800 мың турист келеді

Ақмола облысында "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесіне 23 мың билет сатылды, деп хабарлады өңір әкімдігі.

"Қазіргі уақытта Жарқайың, Ерейментау аудандары өңірде билет сату бойынша алдыңғы орында. Степногорск қаласында 13,2 млн теңге сомасына үш мың билет сатылды. Мұндай табыс демеушілерді қарқынды тартумен байланысты", - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, ЭКСПО-2017 көрмесі уақытында Щучинск-Бурабай курорттық аймағына 1 млн 800 мың турист келеді деп күтілуде. Бұл ретте ауданда қонақтарды орналастыруға арналған 154 нысан бар: қонақүйлер, шағын қонақүйлер, туристік базалар, санаторий-курорттық үйлер. Олардың барлығы қазіргі уақытта туристерді барынша жақсы қарсы алуға дайындық үстінде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу