Ақмола облысының Бурабай вауданында нөсер жауын мен күшті желден кейін көпқабатты үйдің шатыры ұшты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі жергілікті әкімдік хабарламасына сілтеме жасап.
"Бүгін 7 шілде сағат 16.44-те Бурабай ауданының Щучинск қаласында қатты екпінді жел Ломоносов көшесі, 22 мекенжайындағы бес қабатты үйдің шатырын ұшырып әкетті. Интернациональная, 59 көшесіндегі үйдің жанында 8 пәтер мен балконның әйнегі сынды. Адамдар арасында зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", - деп хабарлады Бурабай ауданының әкімдігі.
Қаланың бүкіл қызметтері төтенше жағдай салдарымен жұмыс істеп жатыр. Бұл іске 14 адам және 4 техника жұмылдырылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу