Щучинск қаласының тұрғынынан Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі пулемет-тапаншасы табылды

540

 Ақмолалық ақпан айында қаруды металл қабылдау пункті болған аумақтан тапқанын айтты. 

Щучинск қаласының тұрғынынан Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі пулемет-тапаншасы табылды Фото: polisia.kz

"Мал ұрлығы" ЖПІШ-ін өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 58 жастағы тұрғынның үйінен 7,62 калибрлі 1944 жылғы Шпагин пулемет-тапаншасын тауып алып, тәркіледі, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қаруды заңсыз сақтау фактісі ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.  

Тексеру кезінде "Тіркелген қару" және "Қылмыстық қару" есебі бойынша мәліметтер базасында қару жоқ екендігі анықталды. Баллистикалық сараптама тағайындалды. 

Тергеу жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу