"Щучинск-Зеренді" автожолын жөндеу биыл аяқталады

1109

"Щучинск-Зеренді" – екі курорттық аймақты, сондай-ақ тұрғындар тығыз шоғырланған Златополье, Савинка, Веденовка, М.Ғабдуллин, Серафимовка секілді ауылдарды байланыстыратын күре жол.

"Щучинск-Зеренді" автожолын жөндеу биыл аяқталады

80 шақырымдық "Щучинск-Зеренді" автожолын жөндеу жұмыстары биыл толық аяқталады, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

Бас мердігер жобаға сәйкес жол бойына 63 су өткізу құбырын, екі демалыс алаңын, 4 автобус павильонын, 15 км қар ұстайтын қоршаулар мен 14 км тосқауыл қоршауларын орнатуға тиіс. Сонымен қатар, Зеренді кентіндегі бағдаршам қиылыстарын және М.Ғабдуллин, Серафимовка ауылдарының жанынан өтетін автожолдың бойын жарықтандыруы керек. Осы жоба аясында Зеренді кентіндегі ДЭУ-73 (жолға қызмет көрсету кешені) және Щучинск қаласындағы ДЭУ-5 қайта құру қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу