Щучинскіде газ жарылысынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

455

Төтенше оқиға салдарынан 26 адам зардап шеккен. 

Щучинскіде газ жарылысынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды Фото: inbusiness.kz

Дәрігерлердің зардап шеккендердің алған жарақатының негізгі сипаты – әртүрлі дәрежедегі термиялық күйіктер, олардың көлемі мен тереңдігі әртүрлі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқыс оқиға салдарынан 26 адам зардап шеккен. 7 адам қаза тапты, оның 5-і оқиға орнында, қалған екеуі реанимация бөлімшесінде көз жұмған.

"Бастапқыда 15 адам госпитализацияланды. Қазіргі уақытта стационарда 13 науқас емделіп жатыр. Алты адам қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емге жіберілді", – деп хабарлады басқарма өкілдері.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының деректеріне сәйкес, зардап шеккендердің негізгі жарақаты – әртүрлі дәрежедегі термиялық күйіктер, олардың көлемі мен тереңдігі әртүрлі. Пациенттердің жағдайы үнемі дәрігерлердің бақылауында.

"Алты науқас ауыр халде облыстық ауруханаға жеткізілді, төртеуі Щучинск қаласындағы реанимация бөлімінде жағдайы ауыр, тұрақсыз әрі тасымалдауға жарамсыз жағдайда жатыр. Щучинск қаласының травматология бөлімінде үш пациент тұрақты жағдайда ем алып жатыр. Тағы жеті пациент жеңіл, беткей күйікпен амбулаторлық бақылауға алынған", – деп нақтылады Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Щучинск қаласындағы кафеде газ жарылысы болғаны және алты адам қаза тапқанын жазған болатынбыз. Кейін қаза тапқандардың саны жеті адамға жеткені айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу