Щучинскіде шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогі өтеді

802

Жарыстың ресми түрде ашылу салтанаты 10 шілде күні олимпиадаға даярлау орталығында Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де өтеді. 

Щучинскіде шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогі өтеді

11-14 шілде күндері Щучинск қадасында шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогі мен FIS құрлықтық кубогі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Шаңғымен тұғырдан секіруден FIS құрлықтық кубогі Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясының (FIS) ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін халықаралық турнир. Аталған сын жазда да, қыста да ұйымдастырылады. Турнир әлем кубогіне қатысуға мүмкіндік беретін екінші деңгейлі іріктеу сыны саналады. Жарыста қажетті ұпай жинаған спортшы әлем кубогі кезеңіне қатысу мүмкіндігін алады. 

Ал FIS кубогі әлем кубогі кезеңдеріне қатысуға мүмкіндік беретін бірінші деңгейлі іріктеу турнирі. Бұл дода ерлер мен әйелдер арасында К-95 трамплинінде өтеді.

Жарысқа 11 елден спортшылар қатысады. Атап айтар болсақ, Австрия, Германия, Қазақстан, Корея, Норвегия, Ресей, Румыния, Словения, Украина, Швейцария, Жапония өкілдері өзара бақ сынайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу