Щучинскіде шаңғымен жарысудан еліміздің жазғы чемпионаты өтеді

1289

Жыл сайын өтетін дәстүрлі турнирге 11 аймақтан 120 кәсіби спортшы қатысады.  

Щучинскіде шаңғымен жарысудан еліміздің жазғы чемпионаты өтеді

1-6 қыркүйек аралығында Щучинскідегі  "Бурабай" базасында шаңғымен жарысудан Қазақстаның жазғы біріншілігі өтеді, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті.

2017 жылдан бері шаңғымен жарысудан Қазақстан чемпионаты Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясының қолдауымен өткізіледі. 

"Бүгінде біз спортшылардың жаз мезгіліндегі негізгі жарыстарын өткізуге дайындалып жатырмыз. Щучинскідегі шаңғымен жүгіретін жол FIS талаптарына сай, сондықтан, кез келген қиын жарыстарды да ұйымдастырамыз. Жазғы біріншілік спортшылардың қысқы маусым қарсаңындағы дайындығын саралауға, жаттығу жиындарына өзгерту енгізуге мүмкіндік береді", - дейді шаңғымен жарысудан ұлттық федерация президенті Никита Девяткин.   

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу